«Мойынқұм» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз өтті. Ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай жиналған қауымға уақыптың маңызы мен оның қоғамдағы орны туралы насихат айтты.
Уағыз барысында имам уақыптың – сауапты іс пен қайырымдылықтың үзілмес көзі екенін атап өтіп, оның ислам өркениетінің дамуына қосқан үлесіне кеңінен тоқталды.
Имам өз сөзінде Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеттерін тілге тиек етті.
«Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, бүкіл амалдары тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жалғасып тұратын садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ» (имам Мүслим).
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

