Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы 2025 жылы асыл дінімізге аянбай қызмет етіп, көзге түскен 4 ауыл имамын Бас Мүфтидің алғыс хатымен марапаттады.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы 2025 жылы асыл дінімізге аянбай қызмет етіп, көзге түскен 4 ауыл имамын Бас Мүфтидің алғыс хатымен марапаттады.
Жуалы ауданының бас имамы Есет Тұрдыбайұлы ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам, молдаларымен жеке кездесті.
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышүлы ауылдық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан имамы Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен имамдар жиналысы өтті. Жиын барысында дін мен дәстүр тақырыбы кеңінен қозғалып, ұлттық құндылықтарды ислам дінімен сабақтастыра насихаттаудың маңызы сөз болды.
«Мойынқұм» мешітінің наиб имамы Тұратбек Бердіқожаев жамағатқа дін мен дәстүр тақырыбында уағыз жүргізді. Имам қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен ислам дінінің сабақтастығы туралы айтты, жат ағымдардан сақтанудың маңызын түсіндірді.
Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Кенжемолдаев «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында басты назар мешіттен тыс жерде жұма намазын оқуға бола ма деген діни мәселеге аударылды.
«Мойынқұм» мешітінде аудан бас имамы Ержан Кенжемолдаев жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында басты назар лудоманияның (ойынқұмарлықтың) шариғаттағы үкіміне аударылды.