Жуалы: Ауданда имамдар жиналысы өтті

Жуалы: Ауданда имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышүлы ауылдық  «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан имамы Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен имамдар жиналысы өтті. Жиын барысында дін мен дәстүр тақырыбы кеңінен қозғалып, ұлттық құндылықтарды ислам дінімен сабақтастыра насихаттаудың маңызы сөз болды.

Жиын барысында Имамдардың біліктілігі мен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының маңыздылығы, күнделікті бесін және ақшам намаздарындағы уағыз айту жұмыстары, рухани, қайырымдылық шаралары, мешіт имамдарының әдептілігі мен тәртібі, т.б.с. мәселелерді кеңінен түсіндіріп, уағыз айтқанда, жаназа және басқада жиындарға барғанда имамның киім үлгісіне, тұр-әлпетіне, жалпы тазалыққа мән беру керектігін және қоғамдағы рухани тәрбие, салт-дәстүрді сақтаудың мәні және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Жиын соңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, имамдарға нақты тапсырмалар берілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: