Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы 2025 жылы асыл дінімізге аянбай қызмет етіп, көзге түскен 4 ауыл имамын Бас Мүфтидің алғыс хатымен марапаттады.
Олар: Ақыртөбе ауылдық «Ақыртөбе» мешітінің молдасы Нұрпейсов Батыр, Жақсылық ауылдық «Сүйімбай қажы» мешітінің молдасы Нұрпейсов Қалижан, Ақбұлақ ауылдық «Отарымбет» мешітінің молдасы Байхожаев Қалтай, Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің молдасы Омаров Ерғали. Ауданға қарасты 40 имам-молданың ішінен атқарған еңбектеріне қарай үздік 4 ауылдық мешіт имамдарына марапат табыс етілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Ақпан 2026
25 Шаабан 1447

