Жуалы ауданы, Дихан ауылдық мешітінің кіре беріс қақпасына «Қош келдің, Рамазан» деген баннер ілінді. Мешіт жамағаты баннер орнатуға атсалысып, қариялар мен ауыл тұрғындарының ризашылығын алды.
Жуалы ауданы, Дихан ауылдық мешітінің кіре беріс қақпасына «Қош келдің, Рамазан» деген баннер ілінді. Мешіт жамағаты баннер орнатуға атсалысып, қариялар мен ауыл тұрғындарының ризашылығын алды.
Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық «Шақпақата» мешітінің алдыңғы кіре беріс қақпасына «Рамазан айы құтты болсын» деген баннер ілінді. Мешіт молдасы Пернебек Көпбосынұлы баннердің орнатылуына қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына, демеушілерге шынайы алғысын жеткізді.
Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылындағы «Нұрлыкент» мешітінің алдыңғы кіреберіс қақпасына «Қош келдің, Рамазан» баннері ілінді.
Жуалы ауданы, Теріс ауылдық Мәдениет үйінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында Жуалы ауданы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ-нің» инспекторы Рамазан Маратбекұлы мен Бауыржан Мұсағалиұлы және ауыл жамағатымен тағылымды кездесу өткізілді.
Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында іші мен дәретханасында толық тазалық жұмыстары жүргізіліп, Алла үйі кешкі тарауық намазына дайындық жасалды.
Жуалы ауданы, Көлтоған ауылдық «Тұрыс баба» мешітінде қасиетті Рамазан айы алдында тазалық шарасы өтті. Мешіттің іші мен дәретханасында толық тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешітке кешкі тарауық намазына дайындық жасалды.