“Жәми” мешітінде әйел-қыздар жамағаты қасиетті Қадір түнін ерекше рухани атмосферада қарсы алды. Шара барысында жамағат құлшылық жасап, дұға-тілектерін арнады.
“Жәми” мешітінде әйел-қыздар жамағаты қасиетті Қадір түнін ерекше рухани атмосферада қарсы алды. Шара барысында жамағат құлшылық жасап, дұға-тілектерін арнады.
«Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы мешіттің іс-шараларына белсене атсалысып жүрген әпкелерге ерекше алғысын білдіріп, Рамазан айында арнайы сый-сияпат табыс етті.
«Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жамағатқа арналған ауқымды ауызашар кеші өткізілді. Шара барысында кең дастархан жайылып, келген көпшілікке ерекше құрмет көрсетілді.
Қайырымдылықтың ең абзалы және сауабы молы қасиетті Рамазан айындағы жасалған қайырымдылық болып табылады. Алла тағала нәсіп етіп, Рамазан айында мың айдан қайырлы қасиетті Қадір түнінің құрметіне аудандық «Байзақ баба» мешітінде ауданның бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Айлардың сұлтаны Қасиетті Рамазан айының ішінде мың айдан да қадірлі түн Қадір түні бар. Осы Қадір түнінде жасалған ғибадаттың сауабы мол. Ал қайырымды іс жасап, өзгеге мерекелік көңіл-күй сыйлаудың өзі имандылық.
Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында Қадір түнінің құрметіне «Құран мәңгі мұғжиза» атты аудандық Құран жарысы өтті.