Имамдық – жауапкершілігі мол қызмет. «Молда бол!» деп баласына ізгі тілегін білдіріп отыратын қазақ қоғамында халықты иман жолымен жүруге шақыратын дін мамандарының орны қашанда ерекше.
Имамдық – жауапкершілігі мол қызмет. «Молда бол!» деп баласына ізгі тілегін білдіріп отыратын қазақ қоғамында халықты иман жолымен жүруге шақыратын дін мамандарының орны қашанда ерекше.
Б.Момышұлы ауылында Жамбыл көшесінің бойында «Нұр» және «Мыңбұлақ» сауда дүкені мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қасында салтанатты түрде «Қайырымдылық» дүкені ашылды.
Әрбір мұсылман науқастанып қалған достары мен көршілерін бос уақыт тауып зиярат етіп тұруы – үлкен сауаптардан. Алланың берген сырқатына зиярат етушілер дұға етіп Жаратқаннан шипа тілейді. Мұндай әрекет мұсылмандар арасында байланысты күшейтіп, олардың жүректерінде бір-біріне деген сүйіспеншілігін артады.
Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында Меркі ауданының бас имамы Батырбек қажы аудандық ауруханада ем алып жатқан апа-әжелерді мерекелерімен құттықтап барып қайтты.
Әлеуметтік желінің дәуірі туып, түрлі жат дүниелер тараған бүгінгі заманда халыққа дұрыс, рухани материалдарды жеткізудегі діни сайттардың орны ерекше. Осыған байланысты «Һибатулла Тарази» мешітінде дін мамандарының сайт жұмыстарына байланысты жиналысты өтті.
«Һибатулла Тарази» мешітінде түрлі ағымдардың соңынан ерген, түзету мекемесінде қамауда отырған азаматтармен жұмыс жасау жөніндегі арнайы топтың мәжілісі өтті. Жиында «Тиек» Жастарды дамыту орталығы қоғамдық ұйымымен келісім шарт жасалды.