ШУ МЕШІТТЕРІНДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШУ МЕШІТТЕРІНДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемде Коронавирус жаман індет таралып жатқаны баршаға мәлім, соның ішінде елімізді Қазақстанды айналып өтпегені белгілі.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен ҚМДБ-ның жанынан құрылған ғұламалар кеңесінің пәтуасымен еліміз бойынша мешіттерде 16 наурыздан 16 сәуірге дейін барлық мешіттерде бес уақыт намаз, жұма намазы оқылуына тыйым салынған. Дегенмен жергілікті мешіттерге келуші жамағат болмаса да, имамдар мешіттерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп бақылауда ұстауда. Өйткені адам баласына Алла Тағаланың берген үлкен аманатының бірі адам баласының денсаулығы екені исі мұсылман жақсы түсінеді.

Шу қаласы бойынша мешіттерде қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының қадағалауымен қала мешіттерінде және  дәретханаларында арнайы дезинфекциялық заттар қойылып, мешіт іштері және аулаларына дезинфекциялық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген аталы сөзі еске түседі.

Қадірменді жамағат пандемияның таралмауына бірден бір жол, әр адам карантинге байланысты мұқияттылық танытып, тазалыққа жіті мән берсек бұл қиыншылықтан құтылатын күнімізде алыс емес.

Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға амандық, сырқаттарымызға шипасын беруін тілейміз!

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: