АСЫЛ ҚАСИЕТ ҚАЙЫРЫДЫЛЫҚПЕН ӨЛШЕНЕДІ

АСЫЛ ҚАСИЕТ ҚАЙЫРЫДЫЛЫҚПЕН ӨЛШЕНЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның асыл қасиеті - жасаған амал, сауаппен өлшенеді. Ізгі іске бейжай қарамайтын аудандағы атымтай азаматтардың көмегімен және орталық мешіт қызметкерлерінің ұйымдасыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Сауапқа ол іс Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған “Жүрекке жылу” шарасы аясында жүргізілді.

 Елімізде COVID-19 пандемиясына қарсы енгізілген төтенше жағдайға байланысты ауданның бас имамы Н.Алиев бастаған мешіт қызметкерлері мен сын сағатта қолғабыс тигізуге ниет білдірген азаматтар әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандарға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері таратылды. Шарапатты шара 125-ға жуық отбасын қамтыды. Әр шаңыраққа шақталған қайырымдылық жәрдемі 4 мың теңгені құрады.

“Алланың жолында не жұмсасаң, Алла Тағала міндеті түрде оның орнын толтырады” ( “Сәбә” сүрес, 39-аят). Қайырымдылық бойында иманы бар, ізгі істі жоғары қоятын азаматтардың көмегімен жүзеге асып жатыр.  

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспа сөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: