Әйел-қыздар секторы мұқтаждарға көмек қолын созды

Әйел-қыздар секторы мұқтаждарға көмек қолын созды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысына да карантин жағдайы енгізілді. Соған байланысты кейбір адамдар жұмыссыз да қалды, ал мұқтаж отбасыларға бұл жайт тіптен ауыр. Көптеген жұмыс орындары өз қызметтерін тоқатса да, игі жандар игілігін тоқтатпайды. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жариялаған үндеуге үн қосып, осындай мәселеге тап болған отбасыларға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы қайырымдылық жасады. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұлдың қолдауымен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастап көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шетеулі 10 жанұяға азық-түлік салынған пакеттер жеткізілді. 

 Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады. Алла әлемге жайылған ауыр індеттен құтылуды жазсын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: