#Байзақ: Күнделікті онлайн құран хатым оқылуда

#Байзақ: Күнделікті онлайн құран хатым оқылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінінің найб имамы Құттыбек Кенжебоев күнделікті онлайн құран хатым оқуда. Ал Байзақ ауданына қарасты өзге имам-молдалар ихсан және рамазан айына байланысты онлайн уағыз-насихаттар жүргізуде.

Сонымен қатар бүгін Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов мешітке арнай келген Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  Салтанат Имановаға мешіт қабырғасында ілініп тұрған «Ихсан» баннері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі, Алла Тағаланың 99 көркем есімі,  Қазақсатан мұсылмандары рухани тұғырнамасы, «Жеті рухани қазақ»  тақтайшаларымен таныстырып шықты. 

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: