Тараздық азамат "сертификатталған қасапшы" атанды

Тараздық азамат "сертификатталған қасапшы" атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде әр мұсылман халал мен харамға көңіл бөлуге міндетті. Халал дінде құпталған, ерік берілген, рұқсат етілгені, ал харам шариғат шеңберінде нақты тыйым салынғандары.

Бүгінгі таңда халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Осыған орай, қасапшылар жұмысына деген талап та өсуде. Арнайы тексеруден өткен Руслан Жақыпбеков есімді Тараздық азамат "Халал Даму" сертификатына ие болды. 

Сертификатталған қасапшыға құжатты ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" өкілі Нұрматжан Миразизов табыстап, қызметіне жеміс тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: