#Қордай: РАНТ мүшесі "Нұрислам" мешітінде уағыз жүргізді

#Қордай: РАНТ мүшесі "Нұрислам" мешітінде уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауқатты ауылдық "Нұрислам" мешітінде РАНТ мүшесі, Алматы қаласы "Вайнак" мешітінің наиб имамы Нұрмұханбет Именов уағыз жүргізді.

Сәләфизм, таблиғ жамағаттарының қателіктері, олардың сипаты мен белгілері жайында сөз болған түсіндіру жұмыстары барысында көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптар ала алды. 

"Өкінішке орай, бүгінгі қазақ қоғамында діни сауаты жоқ, көзсіз көбелектей жастарымызды жетегіне ерткен жат ағымдар қарқынды белең алуда. Солардың бірі – Таблиғи жамағат  пен сәләфизм. Бұл бағытты ұстанушылар қоғамға үлкен зиянын тигізуде. Олай дейтініміз, асыл дініміз исламдағы ата-ананы құрметтеу, сыпайылық деген қасиеттерден кенде қалған ағым ұстанушылары исламды бұрыс тұсынан көрсетіп, халықтың үрейін ұшырды. Сондықтан діни иммунитетті қалыптастыру аса маңызды" - деп дін маманы ата дініміз бен ағым арасындағы айырмашылықты тізіп жіліктеп берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: