МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Меркі аудандық орталық мешітінде Ольга есімді азаматша ислам дінін қабылдады. Меркі аудандық орталық мешітінің наиб имамы Батырбек Жақсымбетұлы асыл дініміз Ислам жайында насихат айтып, Ислам құндылықтарын түсіндіре келе Алланың құзырында қабыл болатын соңғы дін Ислам екендігін Құран аяттары және пайғамбар хадистерімен дәлелдеп өтті. Келіншекке кәлимасын айтқызғаннан кейін, сыйлыққа Ислам діні жайлы әдебиеттерді сыйға берді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығымен "Өлі разы болмай тірі байымайды" атты  акциясы аясында зиярат басына тазалық жұмыстары жүргізілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылында «Өткенге құрмет-ұрпаққа міндет» бастамасы аясында мазарат қоршалды. ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының бастамасымен мамыр айының 30 күні барлық ауыл мазараттарында тазалық жұмыстары жүргізілген болатын.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы  Бірлесу-Еңбек ауылы «Бірлесу-Еңбек» мешітінде, Тараз қаласының бас имамы Садиев Амантай, «Кеңесхан қажы» мешітінің найб имамы Хусаинов Алтынбек, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Бірлесу-Еңбек» мешітіне арнайы барып, осы мешітте деструктивті ағымдағы азаматтармен кездесті.