Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінінің шәкірттері арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа мешіт шәкірттерінен 26 ұл бала, 3 қыз бала қатысты.
Қатысқан шәкірттер ауыл мешітінен соңғы екі ай бойы дәріс алған болатын. Сабақты «Һибатулла Тарази» медресесінің 2 курс шәкірті Елнұр жүргізді. Жарысқа арнайы облыстық мешіттің наиб имамы Нұралы Бақытұлы келіп қатысып, шәкірттерге және мешіт жамағатына уағыз айтып, бағалы сыйлықтарды табыстап, марапаттап қайтты.
Сонымен бірге, ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы да жарыста әділ қазылар алқасынан табылды. Жарыста екі номинация бойынша 3 орын белгіленді. Жалпы 6 орынға иеленген 6 шәкіртке ынталандыру ретінде құны 70 мың теңге тұратын 6 велосипед сыйға тартылды.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі