Бүгін 1 маусым-Халықаралық балалар қорғау күні мерекесіне орай, Шу ауданы Төле би ауылы "М.Жүнісәлиев" саябағында және Жиенбет ауылы "Жиенбет-Жексенбай" мешітінің имамы Бердібеков Жүкірәлінің ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің ауласында, мерекелік концерт іс-шарасы болып өтті.
Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты Д.Қонаев ауылы Қонаев мешітінің имамы Құлыбек Ердаулеттің ұйымдастыруымен 3 қой сойылып еттері мұқтаж 20 отбасыға таратылды.
Тазалық - діннің жартысы дегендей, Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының бастамасымен, ауданға қарасты барлық ауыл мазараттарында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылы, Қойайдар мешітінің имамы Смайыл Аян имамның ұйытқы болуымен, 1980 жылғы мектеп бітірген азаматтар екі қой етін және күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік салынған себеттерді 10 отбасыға үлестірді.
Шу өңіріне қарасты Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінің молдасы Әбусейт Қоспанов аталмыш ауылда тұратын тұрмыстық жағдайы төмен 3 отбасыға қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.