#Т.Рысқұлов: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жүргізілуде

#Т.Рысқұлов: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданының Өрт сөндіруші бөлімінің қызметкерлерімен жат ағыммен күрес бағытында кездесу болды. Кездесуді Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы жүргізді.

Кездесуде жат ағымның шығу тарихы мен мақсат-мүдделері айтылып, олардың қоғамға тигізіп жатқан әсерлері талқыланды. Қуаныш имам сөз барысында: "Жат ағымға еріп кетпес үшін халықтың діни сауатын арттыру негізгі мәселе. «Бізге не жетпейді? Білім жетпейді. Оның ішінде, діни сауаттылығымыз өте төмен десек артық болмас.  Діни білімнің жетілуі дегеніміз біздің ауызбіршілікті күшейту деген сөз. Дін бірлікке шақырады. Діні күшті халықтың ынтымағы да мықты болады, жүз-жүзге, жік-жікке бөлінбейді. Осы орайда,  жастарды ескертіп отыратын мәселе  діни білім алып, діни сауатын арттыру барысында әлеуметтік желілер мен интернет  ресурстарын пайдалану барысында  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу қажет," - деді.

Тузелбеков Қуаныш

Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: