Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде жамағат жиналысы өтті. Жиналысты ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы жүргізді.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде жамағат жиналысы өтті. Жиналысты ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы жүргізді.
Тараз қаласы «Әзрет Әли» мешіті имамы Ғазиз Нұртайұлының ұйытқы болуымен демеушілер арқылы "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылды. Акция ретінде 70 балаға оқу жабдықтарымен толықтай қамтылған 70 сөмке таратылды. Жалпы 700 000 теңге қаражат жұмсалды.
Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Сарысу аудандық орталық мешітінде әйелдер жамағатының ұстазы Мадина Қайратқызының ұйытқы болуымен мешіт шәкірттері арасында Құран, Фиқһ, Ақида бойынша онлайн және офлайн жарыс өтті.
Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншарип қажы ауыл имам-молдаларының басын қосып, жиналыс өткізді. Жиналыстың басында алты айда атқарылған жұмыстың нәтижелері айтылды.
Жамбыл ауданы Ішкі саясат бөлімінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Екпе сал – өміріңді сақта» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Аудан имамы тікелей эфирде аудан тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің бас имамы Танатаров Ғани шам намазында мешітке келген жамағатқа қазіргі қоғамда өз орнын ойып тұрып алған «Әлеуметтік желі» жайында кеңінен насихат айтты.