Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Өрнек ауылының имамы және Рысқұлов аудандық жастар ісі секторының жауаптысы Төлепберген Бекжанның ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне мешіт жастары арасында волейболдан турнир өтті.
Турнирге ауыл жастары, мешіт жамағаты және шәкірттері қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарысқа жалпы 4 команда қатысты. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар табысталды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі