#Т.Рысқұлов: Дін мен дәстүрдің халыққа тигізер пайдасы

#Т.Рысқұлов: Дін мен дәстүрдің халыққа тигізер пайдасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық орта мектебінде «Дін мен дәстүрдің халыққа тигізер пайдасы» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Қорағаты ауылдық «Қорағаты» мешітінің имамы Байқожаев Нұрдәулет қатысты.

Нұрдәулет имам өз сөзінде былай деді: "Имам Сарахси хазірет: Шариғатқа қарсы келмеген әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе, шариғатпен бекітілгенмен тең болады!» -деген. Егер әдет-ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған Ислам тыйым салмайды. Халқымызда: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген керемет нақыл бар. Осыған орай: ғұрыптардың барлығы дерлік әлбетте бірдей емес. Сол үшін де, оларға бір жақты қарауға әсте болмайды. Қай халықтың болмасын салт - дәстүрлері сол халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдеп -ғұрыптары халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Бүгінгі таңдағы басты мәселе – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт -дәстүрін, тілін, діні мен ділін жетік меңгеру,"- деп айтты.

Соңында оқушылардың сан алуан сұрақтарына тиісті жауаптары берілді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: