#Т.Рысқұловта мәуліт жыры оқылды

#Т.Рысқұловта мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Ақыртөбе ауылдық мешітінде мәуліт жыры оқылды. Бұл рухани кешке арнайы Тараз қаласындағы «Хазреті Әли» мешітінің қызметкері Ораз имам қонаққа келіп, әсерлі уағыздары мен мәуліт жырын оқыды.

Ауылдың имамы Батыр Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінен алып уағыз-насихат айтты. Мәулітке қатысушыларға мешітте арнайы ақ дастархан жайылып ас берілді.

Ақыртөбе жамағаты керемет әсер алып, рухани байып кемелдене түсті. Жамағат Ораз имамға разы болып алғысын білдірді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: