МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық мереке Ораза айтта Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде айт намазы оқылды. Таңмен таласа құлшылыққа асыққан халықтың үлкені мен кішісі қатар тұрып сап түзеп, имамға ұйып екі рәкәғат Ораза айт намазын оқып, дұға-тілектерін айтты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

            Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты мешіттерде Ораза айт күні айт намазынан кейін жас бүлдіршіндерге айттық сыйлықтары таратылды. Асыл дініміз ислам бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Адамзатқа сүйіспеншілік тарату оның ажырамас бөлігі, ал сыйлық соның құралы.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

  Тұрар Рысқұлов ауданының ауылдық мешіттерінде ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажының бастамасымен Ораза айт күні ауқымды қайырымдылық акциялары жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық мешітінің шәкірттері құран оқудан жарысқа түсіп, бақтарын сынады. Бұл жарыс аудандық және облыстық жарыстарға дайындалу мақсатында және мешіт шәкірттерінің құранға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты мешіттерде Ораза айт күні айт намазынан кейін ұлттық ойындар жаңғыртылып, жарыстар ұйымдастырылды. Олардың ішінде асық ату, арқан тартыс, қол көтеру және кір тасын көтеру және кейбір мешіттердің ұйымдастыруымен қазақша күрестен де жастар арасында жарыстар өтті.