Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі мереке.
Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі мереке.
«Барыңмен бөліс!» деген ұстанымды өзгермес қағидаға айналдырған «Құлбай баба» мешітінің имамдары жиі-жиі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды өздерінің міндеті санайды.
Жуалы аудандық "Толымбай тегі Зиябек" мешіті атынан қасиетті Ораза айт құрметіне Тараз қаласына тегін қатынау акциясы жасалды.
Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін. Сәулелі ақыл – алысқа жетелейді, биіктерді бағындырады. Балаларымызға дінді танытып, ең ұлық мейрам айт мерекесін сағына қарсы алатындай, жақсы көріп күтетіндей, әрі қандай мейрам екенін жадыларында сақтап жүретіндей көңіл күй қалыптастыру мақсатында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті мен жамағаттың ұйымдастыруымен айт сыйлығы таратылды.
Берекелі Рамазан айының аяқталғанына да санаулы күндер болды. Рамазан айына қайырымдылық жасаушылардың саны күрт өсетіні анық. Сауабы еселенетін айда әркім өз жағдайына қарай, бірі кәсіптерінің берекесін тілеп, енді бірі Алла алдындағы зекетін осы Рамазан айына туралап қайырымдылық жасап жатады. Алла ниеттерін, амалдарын қабыл етсін.
Қордай ауданында ұлық мереке Ораза ат құрметіне тұрғындарға "Айт қоржыны" таратылды. Айт мейрамына деген сезім, сыйлық беріп қуанту мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты 50 отбасыға азық-түлік пен қаржылай көмек үлестірілді.