Меркі ауданы: Құран Кәрімді жатқа оқудан жүлделі орын алды

Меркі ауданы: Құран Кәрімді жатқа оқудан жүлделі орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, Талас ауданы орталық «Қаратау Қажы би» мешітінің ұйымдастыруымен «2022 Жастар жылына» орай жасөспірімдер арасында Құран Кәрімнің 2 парасы бойынша жарыс ұйымдастырылған болатын.

Жарысқа Меркі ауданынан Кеңес ауылының тумасы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Нұрбол Айдосұлының 10 жастағы шәкірті Әділет Бақдәулет қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленіп қайтты.

Жас екеніне қарамастан Әділет ініміз жарысқа қатысушы 15 үміткердің ішінен озық шығып, ауылға жүлдемен оралды.

Інімізге сәттілік тілейміз, алдағы уақытта Құран Кәрімді толық жаттап Қари атануына тілектеспіз!!!

 Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: