#Талас: Жасөспірімдер арасында Құран сайысы өтті

#Талас: Жасөспірімдер арасында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде ауданымыздың құрметті азаматы Мәдібек Мұратбек қажыны еске алуға арналған облыстық жасөспірімдер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Құран жарысына Әділ қазылар алқасы болып Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев, "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Амангелді Бірлік және ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы болды.

Сайыс өте тартысты, қызыққа толы болып өтті. Қары балаларымыз қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп жатты. Аталмыш шарада бас жүлдеге қасиетті мекенге ұлы сапар «умра қажылығы» , Сонымен қатар, бірінші орынға - 300 000 тг, екінші орынға - 200 000 тг, үшінші орынға - 100 000тг тағайындалған болатын.

Бас жүлдені «Һибатулла Тарази» мешітінің жанындағы қарилар даярлау орталығының оқушысы Әбдіқадір Рамазан қари жеңіп алды. Сәйкесінше, 1 – орын «Һибатулла Тарази» мешітінің жанындағы қарилар даярлау орталығының тәрбиеленушісі Сейітқали Оспан, екінші орын – байзақ ауданынан келген үміткер – Құрманбек Әбдолла, үшінші орынға – меркі аудандық үміткер – Әділет Бақдәулет иемденді.

Барлық қатысушыларға 20 000 теңгеден ақшалай сыйлық және алғыс хаттар табысталды. Құран жарысы біткен соң Мәдібек Мұратбек қажы атамыздың асы берілді. Облыстың өкіл имамы Бейбіт қари сөз алып, бүгінгі «Құран жарысының» болашақ ұрпаққа берер тәрбиелік мәнінің ерекшеліктеріне жіті тоқталып өтті. Бүгінгі жеңімпаздарды құттықтап, өмір жолында жас қариларымыздың одан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімділік білдірді.

Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: