Ұлық мереке айт қарсаңында Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаевтың ұйымдастыруымен осы оқу жылында үздік білім алып, озат оқушы болған мешіт шәкірттеріне 50 000 теңге сыйлыққа үлестірілді.
Ұлық мереке айт қарсаңында Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаевтың ұйымдастыруымен осы оқу жылында үздік білім алып, озат оқушы болған мешіт шәкірттеріне 50 000 теңге сыйлыққа үлестірілді.
«Малым жанымның садақасы» дегенді негізге алып, малын садақа етіп жатқандар баршылық. Сондағы мақсаты Алла Тағаланың разылығына қол жеткізсем деген ізгі ниет.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық шарасы өтті.
Серігі жоқ Алла Тағала ардақты Пайғамбарына (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Құран аяттарын Рамазан айында оның ішінде Қадір түні түсіргенін бізге баяндайды.
Мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі — қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні. Айтулы бұл түн биылғы жылы сәуір айының 27-нен 28-не қарған түнге келіп тұр. Қадір түні — адамзаттың ақ пен қараны айыратын түн және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі болып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн.
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Тараз қаласына қарасты мешіттерде күнделікті түрде жамағатқа арнап ауызашар ұйымдастырылуда.