МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы – қоғамның негізгі тірегі саналатын отбасының маңызын айқындайтын маңызды құжат. Бұл тұғырнама ерлі-зайыптыларға үлкен жауапкершілік жүктеп, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуды көздейді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мұсылман адам Құран аяттары мен хадистерге амал ете отырып, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты көркейтуге және адамзатқа пайда әкелуге үлес қосады. Ағаш отырғызу – тек экологиялық іс емес, сонымен қатар сауапты садақа болып табылады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адам баласы – жаратылыстың ең ардақтысы. Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра» сүресі, 70-аятында: «Біз адам баласын ардақтадық…», – деп, оның өзгелерден жоғары жаратылғанын баяндайды. Сондықтан адам өмірі – аса қымбат аманат. Оған қол сұғу, ар-намысына тию, зұлымдық жасау немесе өз өмірін қию – дінімізде қатаң тыйым салынған әрекеттердің бірі.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында жәннатта бір адамның дәрежесі көтеріліп, ол: “Маған бұл дәреже қандай себеппен берілді?” – деп сұрайды. Сонда оған: “Сенің ұрпағыңның сен үшін тілеген кешірімі себеп болды”, – деп айтылады», – деген.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жеті түрлі амалдың сауабы пенде дүниеден өткеннен кейін де қабіріне жетіп тұрады: ілім үйрету, құдық қазу, ағаш отырғызу, мешіт салу, Құранды мирас етіп қалдыру және өзінен кейін дұға ететін ізгі ұрпақ қалдыру», – деген.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ағаш отырғызу – сауапты әрі берекелі амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына бөлену әрбір мұсылманның арманы. Бурайдадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Мен Алла елшісінің: «Қиямет күні жер бетіндегі ағаштардың санындай адамдарға шапағат етуін үміт етемін», – дегенін естідім», – делінеді.