«Ботбай баба» және «Жүніс молда» мешітінің шәкірттеріне табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар таза ауада серуендеп, табиғаттың әсем көріністерін тамашалады. Сонымен қатар түрлі танымдық және ойын-сауық бағдарламалары өткізіліп, шәкірттердің көңілді әрі пайдалы демалуына жағдай жасалды.
Мұндай демалыс түрі балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын күшейтіп, ұйымшылдыққа баулиды. Табиғат аясындағы рухани-танымдық сәттер шәкірттердің бойына сергектік пен жақсы әсер сыйлады.
Шара соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен оралып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың рухани және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуына өз үлесін қосуда.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

