Меркі: Қарасу мешітінде «100 хадис жаттау» сайысы өтті

Меркі: Қарасу мешітінде «100 хадис жаттау» сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарасу мешіті имамының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында рухани мәні зор «100 хадис жаттау» сайысы өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – шәкірттердің діни білімге деген қызығушылығын арттыру, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін үйренуге ынталандыру және олардың рухани танымын кеңейту болды.

Сайыс барысында шәкірттер алдын ала берілген хадистерді жаттап, өз білімдерін ортаға салды. Белсенділік танытып, 100 хадисті  жаттап шыққан шәкірттер арнайы марапаттарға ие болды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, олардың еңбегі бағаланды.

Имам тарапынан шәкірттерге насихат айтылып, білім алудың, хадисті үйренудің діндегі орны ерекше екені түсіндірілді. Мұндай игі бастамалар жас буынның рухани дамуына үлкен үлес қосатыны атап өтілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: