Меркі: «Рахымбай ата» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды

Меркі: «Рахымбай ата» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рахымбай ата мешіті ауласында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шара барысында мешіт жамағаты мен еріктілер аумақты тазалап, қураған шөптер мен қоқыстарды жинап, мешіт ауласын ретке келтірді. Сонымен қатар көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізілді.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – мешіт ауласын таза ұстау, қоршаған ортаны көркейту және жамағат арасында ұйымшылдық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Тазалық – иманның жартысы деген ұстанымды негізге алған жамағат бұл сенбілікті рухани әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде қабылдады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: