Меркі: «Жүніс молда» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Меркі: «Жүніс молда» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінде тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене қатысып, Алла үйінің айналасын тазалау жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік барысында мешіт ауласы  тазартылып, шөптер жұлынып, ағаштардың түбі әктелді, аумақ ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мешіттің ішкі және сыртқы бөліктері және дәретхана тазаланды.

Ислам діні тазалыққа ерекше мән береді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі әрбір мұсылманды тазалыққа ұқыпты болуға үндейді. Алла Тағала барша игі істерімізге береке нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: