Жамағатты соңынан ұйытып, Алланың әмірін, дұрыс өмір сүрудің заңдылықтарын халыққа жеткізу, көпшілікке ұйытқы болу, дінде ғана емес, жан-жақты білімді болу, үлгі әрі көшбасшы болу - оңай шаруа емес.
Жамағатты соңынан ұйытып, Алланың әмірін, дұрыс өмір сүрудің заңдылықтарын халыққа жеткізу, көпшілікке ұйытқы болу, дінде ғана емес, жан-жақты білімді болу, үлгі әрі көшбасшы болу - оңай шаруа емес.
Шу аудандық "Жәми" мешіті мен Шу қалалық әкімшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен "Мектепке жол" науқаны жасалды.
"Кәрібай молда" мешітінде күнделікті құптан намазының алдында имам Нұрлан Қалиевтың уағызы жүргізілуде.
Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Мәселен: қарызы көптің қарызын өтеп беру, жетімдерге, мүгедектерге, қарттарға т.б. қайыр-садақаға лайықты жандарға материалдық көмек көрсету.
«Өмірдің бір қызығы – бала деген». «Балалы үй – базар». «Бала – болашағымыз». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Авторы Дара әрі Дана болған кітапты әрбір ашқан сайын жаңадан оқығандай әсер алып, тамсанасың, таңғаласың.