#ШУ: Баланың телефонға тәуелділігін алмастыру әдісі айтылды

#ШУ: Баланың телефонға тәуелділігін алмастыру әдісі айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінде ұстаз Сәуле Нұрсұлтанқызының "Баланың телефонға тәуелділігі" тақырыбында семинары өтті.

Ұстаз жиында баланың дамуына ерекше мән беру керек екенін, баламен сөйлесу, сырласудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар жасына сай дамытушы ойыншықтарды таңдау және баламен қалай ойнау керек екені сөз болды.

Ұстаз өз сөзінде: "Балалар - болашағымыз. Олардың интеллектуалды және рухани дамуына бей-жай қарауға болмайды" - деп атап өтті. Жамағатқа дамытушы ойыншықтарды көрсетіп, пайдасы туралы тілге тиек етіп, пайдалану туралы ақпарат та берді. Әйелдер жамағаты қазіргі уақытта басты мәселе болып отырған дүниенің шешімін тапқанына қатты қуанды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: