#Шу: 28 отбасыға көмек көрсетілді

#Шу: 28 отбасыға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады.

Шариғат жолы, ата салтын берік ұстанатын мешіттеріміз кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.

 Шу аудандық "Жәми" мешітінде 18 отбасыға көлемді азық-түлік себеттері үлестірілді. Сонымен қатар қой сойылып, тағы 10 отбасыға таратылды. Игі іске қатысып, мешіттен жәрдем алған отбасылар алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: