"Кеңесхан қажы" мешітінде желтоқсан айынан бастап қыздар діни сауат ашу курсында жаңа топ құрылды. Білім алушылардың көбеюіне байланысты құрылған жаңа топқа 40-қа жуық шәкірт қабылданды.
"Кеңесхан қажы" мешітінде желтоқсан айынан бастап қыздар діни сауат ашу курсында жаңа топ құрылды. Білім алушылардың көбеюіне байланысты құрылған жаңа топқа 40-қа жуық шәкірт қабылданды.
3 желтоқсан – Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Осыған орай, Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Дәркембайұлы бастаған мешіт қызметкерлері өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың балабақшасын зиярат етіп қайтты.
Т.Рысқұлов ауданы «Әл-Хақ» мешітінің әйел-қыздар жамағаты Пайғамбарымызға "Салауат" айтудан жарысты. Салауат айту жарысының нәтижесі бойынша бір аптада Сауле Серикбаева 12 275 рет салауат айтып, бірінші орынға ие болды.
Тұрар Рысқұлов аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясаттың ұйымдастыруымен «Діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» атты тақырыпта діни конференция өтті.
Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен «Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ филиалында отызға жуық бүлдіршіндерге барып, көңілін аулап, арнайы концерттік бағдарлама көрсетілді.
Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде өңірге қарасты қала, аудан, ауылдардың белсенді имамдары Облыс бас имамының алғыс хатымен марапатталды.