Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Хақ Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың бірегейі де осы – ихсан ілімі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысының барша ұстаздар қауымына, оның ішінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің және мешіт жанындағы Діни сауат ашу курстарының ұстаздарына арнайы хат жолдап, төл мерекелерімен құттықтады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев орталық "Һибатулла Тарази" мешіті мен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің есепшілерін төл мерекелерімен құттықтады.
Мұсылман қауымының мәні мен маңызы ерек мерекелері бар. Мәселен, әр аптада келетін қасиетті жұма күні, айлардың сұлтаны – Рамазан және ұлық мейрам – Құрбан айт, тағы басқаларын атауға болады.
Шу ауданы Бірлікүстем ауылында қарттар күніне орай ауылдық мәдениет сарайда мерекелік жиын өтті. Шарадан соң "Бірлікүстем" мешітінде қарттарға арнап ас берілді.
Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешіті қарттар күніне орай ауылдағы қариялардың отбасыларына 1 ірі қара, 5 қой, 40 қап пияз, 2 кг құмшекер мен ет таратты.