Бурыл ауылындағы балалар - жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілген облыстық турнирге 130-дан астам спортшы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Т.Рысқұлов, Байзақ, Қордай, Шу, Меркі, Мойынқұм, Жуалы аудандары мен Тараз, Шымкент қаласынан және Қырғызстан Республикасынан келген еркін күрес спортшылары алдында Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерлан Аширбеков құттықтау сөз сөйлеп, Ұлантай Әлібекұлын еске алуға арналған турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.
Турнирдің салтанатты ашылуында Бурыл ауылдық Дәуіт ата мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы, еркін күрестен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Берік Тоқсанбаев ретімен сөз алып, аталған жарыстың маңыздылығына тоқталды.
Кешке дейін созылған турнир аса тартысты өтті. Нәтижесінде 2007-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өрбіген облыстық ашық турнирде өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған еркін күрес шеберлері ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған Кубок, медаль, Дипломдармен марапатталды.



24 Қаңтар 2026
5 Шаабан 1447

