#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ҚОСТӨБЕ ЖАМАҒАТЫНА ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ҚОСТӨБЕ ЖАМАҒАТЫНА ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, Қостөбе ауылдық «Қостөбе» жамағатымен кездесіп жұма намазын өткізді.

 Қанат Әділханұлы: «Алла Тағала адам баласының бойына жақсы және жаман мінезді қоса жаратқан. Мұның өзі адам баласы үшін үлкен сынақ. Құран адам бойындағы ондай теріс мінездерді тәрбиелеп, өзгелерге зиян беруден тыю керектігін үйретеді. Осы себептен де Алла Тағала тақуа құлдарын сипаттағанда:  «Ашуларын жұтушылар (жеңушілер)», – деп айтқан. Демек, тақуа адамға да ашу келуі мүмкін. Алайда тақуа жанның өзге адамнан артықшылығы – келген ашуына ие болып, өзгелерге тілімен не қолымен зиян келтіруден нәпсісін тыйып, ашуын жұта біледі», - деп «Ашу дұшпан, ақыл дос» тақырыбында мешіт жамағатына насихат айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: