#Байзақ: ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ УАҒЫЗШЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА

#Байзақ: ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ УАҒЫЗШЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатымен кездесуге Ризабек Батталұлы келді.

Ризабек Батталұлы насихатында: «Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Жеті түрлі адамға Алла Тағала ешбір сая жоқ күні аршының көлеңкесінен жай береді. Олар: Әділ имам (басшы); Аллаға бойұсынып, ғұмырын құлшылықпен өткізген жас жігіт; Мешітке жүрегі байланған кісі; Бірін-бірі Алла үшін жақсы көріп, Алла разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі адам; Мансапты да көрікті әйел шақырғанда «мен Алладан қорқамын» деп харамнан қашқан ер кісі; Оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа еткен кісі; Жалғыз қалғанда Алла Тағаланы еске алып, егіліп көзіне жас алған адам», - деп «Аршының көлеңкесінде болатын 7 түрлі адам» тақырыбында уағыз  айтып, жамағат қойған сұрақтарға мардымды жауап берді. Жамағат бұл кездесуден айтарлықтай рухани азық ала алды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: