Шу қаласы “Айтқұл баба” мешітінің ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы ұйымдастырылды. Шарасы аясында 3 оқушыға 100 000 теңгеге киім-кешек пен мектеп құрал-жабдықтары, сөмкелері алынды.
Шу қаласы “Айтқұл баба” мешітінің ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы ұйымдастырылды. Шарасы аясында 3 оқушыға 100 000 теңгеге киім-кешек пен мектеп құрал-жабдықтары, сөмкелері алынды.
Шу қалалық "Кәрібай молда" мешітінің найб имамы Бексұлтан Олжасұлы "Бірлікүстем" ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізді.
Бүгін "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен "Мектепке жол" науқаны өтті. Кезекті шара аясында мектепке баратын 7 оқушыға мектепке қажетті форма, аяқ-киім, рубашка, спорттық киім, кастюм шалбар және сөмке жабдықтары алып берілді.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, ауылдық мешіттерде бүлдіршіндер мектепке керек заттармен қамтамыз етілді. Ата-аналар мешіт имамдарына алғыстарын жеткізіп, балалар мәз-мейрам болып қуанып қайтты.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен әжелер алқасының мүшелері "Отбасым-бақыт мекенім" атты рухани кеш өткізді.
Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының басқаруымен өткен" Отбасым-бақыт мекенім" рухани кешінің екінші бөлімі: Алланың қалауымен Хадиша анамыздың ғибратты ғұмыры, күйеуіне жасаған итағаты, даналығы, көмегі, демеуі болған көріністер көрсетіліп, 25 жыл отасқан бұл шаңырақта ешқандай түсініспеушілік болған емес екені әйел жамағатына насихатталды.