Үздік қызметкерлер Бас мүфти алғыс хатын алды

Үздік қызметкерлер Бас мүфти алғыс хатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Айтулы шарадан соң Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде облыс қызметкерлерінің жиыны жасалып, номинациямен қоса жылдың үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен Мешіт іс басқарушысы Халид Қожахметов, Тараз қаласының бас имамы әрі "Қажылық" және "Зекет" бөліміне жауапты Ержан Аманбаев, Жастар ісі секторына жауапты Есет Таласбаев марапатталды.

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бас мүфти марапатын табыстап, қызметкерлердің жұмысына жеміс, Алланың разылығын тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: