Мұнара теларнасының Жамбыл облысындағы студиясы үздік атанды

Мұнара теларнасының Жамбыл облысындағы студиясы үздік атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «MUNARA TV» телеарнасы жұмыс жасап келеді. Халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермендердің бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейтін телеарнаның бүгінде 9 облыста арнайы студиялары бар. 

Директоры Еркін Шәкірұлы бастаған арна халыққа әрдайым дін мен дәстүр жайлы түрлі контент ұсынып жүр. Бүгінде арнаның 2023 жылғы жұмысына қорытынды жасалып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісінде жоғары баға берілді.  

Сонымен қатар телеарнаға қарасты өңірлердегі студиялардың жұмысына да баға беріліп, Жамбыл облысында Бас имам Бейбіт Мырзагелдиевтың қолдауымен жұмысын жүргізіп отырған ASYLDIN студиясы "Үздік Мұнара студиясы" болып танылды. 

 Марапатты жиында арнайы Бас мүфтидің қолынан Ілияс Тұрғанов алып, өкілдік имамдары бүгін облыс қызметкерлерінің жиналысында студия жұмысына жауапты жетекші Ақерке Бекқұловаға табыстап, түсірілім тобына дінге деген қызметтің жемісі арта беруін тіледі. 

"Һибатулла Тарази" мештінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: