#Шулық имамдар «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» атанды

#Шулық имамдар «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауын еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» атты республикалық байқауы өткен болатын. 

Аталған шараға қатысып Шу қаласы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мен "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят Дыбысұлы жүлделі болды. Жасаған жұмыстары үздік деп танылуына орай, Елордада өткен салтанатты рәсімге қатысып, Шулық қос имам «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» төс белгісімен марапатталды. 

Сонымен қатар имамдар 1 дәрежелі дипломмен, кубокпен, куәлік иеленді. Имамдардың мәліметі арнайы энциклопедияға енгізілді. Жамбыл өңірінің дін мамандары жеткен жетістік облыс имамдарының діни біліктілігінің айғағы. Имамдарға толағай табыс, қызметте жеміс тілейміз!

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: