Ғалымбек Жапек "Үздік наиб имам" атанды

Ғалымбек Жапек "Үздік наиб имам" атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

Биыл үздіктер арасында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек "Үздік наиб имам" атағын алды. Республика бойынша мұндай марапатты иеленген имамның дін саласына 26 жыл бойы айтарлықтай еңбегі сіңген, білікті де білімді маман орыс, араб тілдерінен бөлек шағатай, көне түріки, өзбек тілдерін де жетік меңгерген. 

"Біз осы ретте асыл дініміздің абыройын асқақтату, ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жұмыстанып, үздік нәтижелер көрсеткендігі, әрдайым сауапты істерге белсенді атсалысқандығы, халқымыздың ынтымақ-бірлігін нығайтуға себепкер болып, қайырымдылық іс-шараларға демеушілік жасағаны, қолдау көрсеткені, руханият пен ихсан ілімінің халықтың арасында кеңінен таралуына ықпал еткендігі, білімге деген құштарлығы мен ықыласын көрсетіп, жыл қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткендігі, қоғамды ізгілендіруге сүбелі үлес қосып, жалпы халық арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірнеше қызметкерімізді арнайы марапаттап отырмыз» деді ҚМДБ Төрағасы жиында. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: