Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Байзақ ауданы Көкөзек ауылы «Жантай ата» мешіті жанындағы Жасұзақ Асланбек атындағы спорт кешенінде аудандық турнир өткізіліп, арнайы ас берілді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Байзақ ауданы Көкөзек ауылы «Жантай ата» мешіті жанындағы Жасұзақ Асланбек атындағы спорт кешенінде аудандық турнир өткізіліп, арнайы ас берілді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен, мешіт жамағаты және кәсіпкерлердің демеушілігімен мешіттің екі үлкен залы, аяқкиім қоятын орынның дуалдары қырылып, сырланып, ақталып, екі үлкен залдың кілемдері жуылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасалды.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы мешітке келіп неке қидырушы жас отбасыларға «Неке бақыты» тақырыбында кездесуөткізді. Кездесуде ақ некенің артықшылығы, бақытты отбасы құрудың жолдары жайлы пайдалы дүниелер көптеп айтылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан ауданға қарасты «Жақсымбет» мешітінің жамағатына Ақида пәнінен дәрісін жалғастыруда.
Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Габдулла ауылдағы жасы үлкен апамызды зиярат етіп, жағдайын сұрап қайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітіне жағдайын айтып келген ағамызға көмек көрсетілді.