Бүгін 25 қазан - Республика күні мерекесінде Жамбыл облысының барлық мешіттерінде еліміздің егеменді мемлекет болып қалыптасуына еңбек сіңірген бабаларымызға, апаларымызға, алаш боздақтарына Құран Кәрімнің хатым дұғасы бағышталды.

25 қазан - Республика күніне орай имамдар арасында шағын футболдан турнир өтті. Шараға Тараз қаласының имамдары мен "Һибатулла Тарази" медресе-колддежінің шәкірттері қатысты.
25 қазан - Республика күніне орай ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Жамбыл облыстық өкілдігі 30 жанұяға көмір жеткізді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған Тараз қаласының имамдары Республика күніне орай 15 мөлтек ауданында саябақ алаңына 1000 түп ағаш отырғызды.
25-қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы жарлығы бойынша өңірімізден тұңғыш рет мешіт имамы Әміров Сейткамалдин Зіпінұлы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталды.
Меркі ауданы, Андас батыр ауылына қарасты «Ар-Рахим» мешітінің жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда, ішкі жұмыстары ақталып, намаз оқитын бөлменің төбесі қалды. Және мешіт алдына кіреберіс яғни аяқ киім қоятын бөлмесінің құрылысы басталды.