#Меркі ауданы: Ислам институтына үміткерлер жіберілді

#Меркі ауданы: Ислам институтына үміткерлер жіберілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен Алматы қаласында орналасқан имам-молдалардың білімін жетілдіруге арналған Ислам институтына ауылдық мешітке қызметке ұсынылып жатқан 2 үміткер оқуға жіберілді.

Ауылдық мешіттерді имам-молдалармен қамту мақсатында діни білімі бар азамттарды қазметке шақыру жұмыстары жүріп жатыр. Ауылдық жердің тұрғындарының ұсынысымен екі ағамыз білімдерін жетілдіру үшін оқуға татанды.

Айта кетейік, ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты ҚМДБ  бастамасымен 2002 жылы ашылған. Институттың негізгі мақсаты имамдардың білімін жетілдіру болып табылады.

Оқу үдерісі институт басшысы бекітіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен келісілген оқу жоспары негізінде дәстүрлі ханафи мазхабы бағытында жүргізіледі. Отандық дін саласының мамандары ислам дініне қатысты пәндерді дәстүрлі исламның доктриналық бағыты бойынша жүргізеді.

Алла Тағала нәсіп еткен дін жолында Елге, Жерге қызмет етемін деген діни білімі бар азаматтарымызды қызметке шақырамыз. Толық мәліметті орталық «Меркі ата» мешітінен ала аласыздар.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: