#Қордай: Кіші футболдан имамдар турнирі болып өтті

#Қордай: Кіші футболдан имамдар турнирі болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы «Қордай аудандық бұқаралық спорттық іс-шара өткізу орталығында» имамдар арасында облыстық деңгейде кіші футболдан турнир болып өтті. Спорттық іс шараның басты мақсаты – имамдар арасындағы ауызбірлікті, ынтымақты арттыру.

 Жарыста Жамбыл облысына қарасты сегіз команда бақ сынасты. Атап айтқанда, облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы бастаған «Облыстық орталық мешіт» командасы мен «Тараз қаласы мешіттері» командасы, Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Меркі ауданы, Шу ауданы бас имамдары бастап келген имамдар командасы қатысты.

 Спорттық мәреде дін қызметкерлерінен құралған командалар жақсы ойын көрсетті. Тартысты ойынға куә болған көрермендер өздерінінің қолдауларын аямастан жанкүйерлік қылды. Жамбыл ауданы, Тұрар Рысқұлов, Меркі ауданы және Қордай мешіттері имамдар командасы сайыста алға басып озып, жартылай финалға жол тартты. «Жамбыл ауданы имамдары» командасы мен «Тұрар Рысқұлов имамдары» командасы бақ сынасып, тартысты ойында Жамбыл ауданы жеңіске жетті. Финалда өте керемет ойынымен көзге түскен «Меркі ауданы имамдары» командасы мен «Қордай ауданы имамдары» командасы кездесіп, 2:1 есебімен Қордай имамдар командасы жеңіске жетті.       Ойын нәтижесі бойынша:

1 орын - «Қордай ауданы имамдары» командасы;

2 орын - «Меркі ауданы имамдары» командасы;

3 орын - «Жамбыл ауданы имамдары» командасы ие болды.

Сонымен қоса, үздік ойын көрсеткен Меркі аудандық «Меркі Ата» мешітінің азаншысы Тоқтамұратов Батыр үздік ойыншы номинациясын, Тараз қалалық «Әулие Ата» мешітінің наиб имамы Лес Аслан үздік қорғаушы номинациясын және Шу ауданының бас имамы Кенжемолдаев Алмас үздік қақпашы номинациясына қол жеткізді.

Аудан имамдары арасында жалғасымын тауып келе жатқан кезекті ауыспалы кубок Шу ауданының бас имамына табысталды.

 Іс-шара соңында  облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Қордай аудандық бұқаралық спорттық іс-шара өткізу орталығының» директоры Ерсін Ақпаевқа алғысхат табыстады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: