Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының имамы Бақытжан Әлімбековтің бастамасымен «Ішімдіктен бас тартқан ауыл» атты ізгі жоба іске асты. Ауыл имамы мешіт ақсақалдарымен бірлесіп ауылдағы дүкендерді аралап, қасиетті айда арақ сатпауға шақырды.
Дүкен сөрелеріндегі арақ-шараптарды сатып алып, қоқысқа төгіп шишаларын сындырып, басқалардың сатып алмауына ықпал жасады. Сонымен қатар, дүкен иелеріне рамазан айының артықшылығы мен харам астан, арам табыстан аулақ болуға үгіттеп, оның өздеріне және келер ұрпағына тигізер қауіп-қатерлерін айтып, насихат жасады. Нәтижесінде дүкен иелері арақ-шарап сатудан бас тартты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі