#Т.РЫСҚҰЛОВ: «РАМАЗАН – РУХАНИ АЗЫҚ» РУХАНИ КЕШІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «РАМАЗАН – РУХАНИ АЗЫҚ» РУХАНИ КЕШІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің ұстазы Шынали Айгерімнің ұйымдастыруымен «Рамазан – рухани азық» атты рухани кеш өтті. Жиында арнайы ораза ұстаған жандарға ауызашар беріліп, рамазан айы турасында уағыз-насихаттар айтылып, жеребе бойынша бір-біріне сыйлықтар үлестірілді.

2022 жылы муфтияттан «Үздік ұстаз» атағын иеленген, асыл дінімізге 25 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан исламтанушы, Тараз қаласы, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова арнайы келіп, ауызашарда рухани уағыз айтты. Жиын соңынан діни сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: